Түркияда алғаш рет коронавирус анықталды
АНКАРА. АНАДОЛУ АГЕНТТІГІ-ҚазАқпарат – Түркияда коронавирустың жаңа түрін (Covid-19) жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді. Бұл туралы республиканың денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.