Нұр-Сұлтанда тағы 3 адам коронавирус жұқтырды
Нұр-Сұлтанда тағы 3 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, - деп xабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгінде Қазақстанда барлығы 52 адам коронавирус жұқтырған. Алматыда - 22 адам, Нұр-Сұлтанда - 28, Қарағандыда - 2 адам.
Бұған дейін Алматыда коронавирустың 10 ошағы анықталған. COVID-19 пандемиясына байланысты Қазақстан билігі 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жариялады. 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды.