Молдабай палуан
Тарбағатай округіне қараған қаракерей елінде аға сұлтан Саниязұлы Қамбар төре болған. Оның қолында Молдабай деген түйе палуаны болған. Шәуешек қаласында үлкен мереке болып, соған қазақтар, қытайлар, ұйғырлар, татарлар болып көп халықтар жиналған.
Ат бәйгесі. Ат бастаған үш тоғыз. Түйе палуан бәйгесі. Түйе бастаған үш тоғыз. Жиналған халықтың ең көбі қытайлар, одан кейінгі қазақтар болды.
Аттарды бәйгеге жіберген соң, қытайлар бір бөлек, қазақтары бір бөлек, екіге бөлініп отырысты. Аралары алшақтау, ол күрес майданы. Енді палуандар күресі болу керек. Қамбар төре бір ақсақалды қазақ тобын басқарушы етіп қойды, астына зор қарабайыр ат мінгізді. Ол адам Молдабайды артына мінгестіріп, күрес майданы алаңға әкеліп, түсіріп кетті. Молдабай алаңда жалғыз өзі...