Коронавирус жұқтырған адам Шымкентке Нұр-Сұлтан қаласынан келген
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус жұқтырған адам Шымкентке Нұр-Сұлтан қаласынан келгені белгілі болды. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен Шымкент қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Әбдіманап Төлебаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.