Жетісудан Семейге жарысқа барған домбырашы келіншек
Мың тоғыз жүз оныншы жылдары губернатор Семей халқына мынадай жарлық хабарлаған:
— Семейдің байлары, саудагерлері, мырзалар және қымыз, пиво сатушы әйелдер, әртүрлі аспапта ойнайтын музыканттар! Алдағы демалыста аралға шығыңдар, өте қызықты жаңалық, тамаша болады. Тамашадан қалмаңдар, кедейлер бармаса да болады, — депті.
Халық демалыс болғанша шыдай алмай асығып, не болар екен деп лоблып, жаяу саудагерлер қалтасына бес-он сомнан салып, дайындала бастайды. Қайықпен өтетін аралға көпір салыныпты. Елдің күткен демалыс күндері де жетті. Ел ағылып аралға қарай кете бастады. Елмен ілесіп, мен де аралға бардым. Халық жиналыпты. Сыра сатушы бір жерге, қымызшы бір жерге, музыканттар бір жерге бір топ болып олар...