Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында еліміздегі кәсіпорындардың іскерлік белсенділігі артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің хабарлауынша, Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары 2015 жылғы ІІ тоқсанда І тоқсанмен салыстырғанда дайын өнiмге сұраныстың өсуін және өндіріс көлемінің артуын атап өткен. Бұл олардың іскерлік белсенділігінің жоғарлағанын айғақтайды.