Орал қалалық сотында 440 қылмыстық іс қаралып, 298 үкім шығарылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Биылғы бірінші жартыжылдықта Орал қалалық сотына 389 қылмыстық іс түсті, бұл өткен жылғыдан (363) 26-ға көп. Осы мерзімде 440 іс (өткен жылғы бірінші жартыжылдықта - 392) қаралып бітіп, 298 айыптау үкімі шығарылды, бұл былтырғыдан (238) 60-қа артық. Бұл туралы Орал қалалық сотының төрағасы Біржан Мәмбетов брифингте мәлім етті.