Теңге - мемлекет келбеті
Кез-келген мемлекеттің ұлттық валютасының болуы оны егеменді ел ретінде айқындайтын белгісі болып табылады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында одақтас республикалардың бірыңғай ақша жүйесі тұрақтылығы сақталмады. 1991 жылы Мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба мен Туды талқылау барысында ұлттық валютаны бекіту мәселесі де алға тартылды. Себебі, ұлттық валюта қабылданбайынша, экономикалық тәуелсіздікті орнату мүмкін емес еді. Қазақстанда 1993 жылға дейін айналымда кеңестік рубль болғаны мәлім. Еліміз кеңестік валютаны қолданыстан ең соңғы шығарған елдер қатарында. Бұдан әрі еліміз өз қаржы саясатын жүргізуді қолға алды. Қазақ КСР Парламенті 1991 жылдың 25 қазанында «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын қабылдады және осы өкілдігі жоғары мемлекеттік...