Астанада «Дешті-Қыпшақ. Құпия белгілер» деректі фильмінің тұсаукесері өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 шілде күні сағат 19.00-да елордадағы «Сарыарқа» ОСО-ында Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында екі сериялы «Дешті-Қыпшақ: Құпия белгілер» деректі фильмінің тұсаукесері өтеді. Сценарийдің авторы және жобаның режиссері Бақыт Қайырбеков, фильмнің тең режиссері - Алексей Каменский, деп хабарланған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің сайтында.