Темекінің үш қасиеті
Кешке қарай үйдің жанында бір қария мен жігіт әңгімелесіп отыр еді. Жігіт қолына шылым алып: – Ата, мен темекі тартуды үйреніп жүрмін. Осының қандай қасиеті барын білмедім, бірақ қатарластарымның бәрі тартады. Мен де қалмайын деп бастадым, – дейді. – Темекі тартудың басты үш қасиеті бар, – деді қария ойланып. – Қандай? – Біріншіден, темекі тартқан […]
Сообщение Темекінің үш қасиеті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.
Кешке қарай үйдің жанында бір қария мен жігіт әңгімелесіп отыр еді.
Жігіт қолына шылым алып:
– Ата, мен темекі тартуды үйреніп жүрмін. Осының қандай қасиеті барын білмедім, бірақ қатарластарымның бәрі тартады.
Мен де қалмайын деп бастадым, – дейді.
– Темекі тартудың басты үш қасиеті бар, – деді қария ойланып.
– Қандай?
– Біріншіден, темекі тартқан адам қартаймайды.
– Шынымен бе? Сыры неде?
– Өйткені, темекі тартқан адам қартаю шағына жетпей көз жұмуы мүмкін.
Бұл – бір. Екіншіден, шылымқордың үйіне ұры түспейді.
– Себебі? – Темекі шегетін адам жарым өкпе болады, ылғи жөтеліп жатады.
Дыбыс шыққан жерге ұры жоламайды. Үшіншіден, шылымқорды ит қаппайды.
– Себебі? – Темекі шегетін адам жарымжан болған соң қолына таяқ алып жүреді. Таяғы бар кісіге құтырған ит болмаса, есі дұрыс ит жуымайды, – деді қария.
Жігіт ойланып қалды…
Сообщение Темекінің үш қасиеті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.