Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 40 адам тіркелді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 24 сәуір cағат 23:00-дегі эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 40 адам тіркелді. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 8, Батыс Қазақстан облысында - 7, Павлодар облысында - 10, Атырау облысында - 4, Қызылорда облысында - 3, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Түркістан облысында - 4, Шымкент қаласында - 2, Алматы облысында - 1. Бұл туралы www.coronavirus2020.kz сайты хабарлайды.