Динара Сәдуақасова халықаралық турнирде әлем құрамасы сапында ойнайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) мәліметінше, қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова 5-10 мамырда өтетін FIDE Chess.com Online Nations кубогына қатысу үшін «Қалған әлем командасы» құрамына енгізілді, деп хабарлайды Sports.kz.