Анасын іздеген ұл
— Менің анамды көрдіңіз бе? Ол қорғансыз болатын. Одан әкем мені тартып алып, қаңғытып жіберіпті, Қазақстанда деп естіп іздеп келемін, — деді бозбала.
Олар Түркиядан ұшып келе жатты. Жанындағы әкесі бір кездегі қатігездігінен Құдайдың қаһарына ұшыраған ба, арбаға таңылыпты. Мүгедек демесең — тап-таза киінген, келбетті, сырбаздығы сыртына теуіп сызданады.
Қос дөңгелекті арба, ұшақтың бизнес-класс бөлімінің кең алаңқайында тұрды. Еркектің белінен төменгі жағы қара барқыт матамен оралған. Баласы жанындағы орындықта. Әкесіне анда-санда бірдеңе деп тіл қатып, әлденені түсіндірген болады. Ал, ол ұзақ жолда өздігінен бір тіл қатпады-ау, сабазың. Кейін білдім, тілі жоқ екен. Құлағы естиді. Газет қарап, кітап оқып келді.
Мен...