Жоғалып табылған қыз
— Нұрила, а, Нұрила!, — деп қонақ бөлмеден шақырған ақсақалының дауысынан асханада кесе-шәйнегін жинастырып жүрген кейуана селк ете түсті. Қолындағы ыдысты қоя салып, қабырғалас бөлмеге емпеңдей ұмтылды. — Не болды, жазған-ау, сонша айқайлап, шошып кеттім ғой!, — деп алшалғышына қолын жүре сүртіп есіктен көрінді.Басында оюлатқан қазақы тақия, түйе жүн жеңсізінің өңірі екі жаққа жайылып кеткен қария жазу үстеліне облыстық газетті айқара ашып салып бар ынтасымен төніп тұрды. Бәйбішесі жанына жақындап:
— Төке, о не? Не жазыпты сонша?!, — деп үстел шетінде жатқан
көзілдірікті мұрын үстіне іле салып, қосыла үңілді. Қай бетіне қарау керегін нақты білмесе де, жарының көңілін аударған газет...