Андре Уорд командасы Геннадий Головкинмен биыл күзде жекпе-жек ұйымдастырмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super) нұсқасы бойынша екiншi орта салмақтағы әлем чемпионы Андре Уордтың командасы қазақстандық боксшы, орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) чемпионы Геннадий Головкинмен биыл күзде жекпе-жек ұйымдастыруды көздеп отыр, деп хабарлайды Boxingnews24.com сайты ESPN сарапшысы, танымал тiлшi Дэн Рафаэльге сiлтеме жасап.