Тоғыз жолдың торабындағы Қазақстан Еуропа мен Азияны жалғайтын транзиттік елге айналады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индустриаландырудың екінші толқыны мен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы жол құрылысы бірінші кезекте тұр. Себебі, тиісті инфрақұрылым болмайынша сыртқа тауар сату мүмкін емес, инвесторлар да ат-тонын ала қашатын болады. Шындығында, Қазақстан үшін жол мен көлік саласын дамыту - бүгінгідей күрделі кезеңде экономиканы дамытудың ең тиімді тетігі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев былтыр 11 қарашада Қазақстан халқына Жолдауында Астанадан барлық бағыттарға автокөлік, темір жол және әуе магистральдары тарайтындай көлік желісі құрылатынын мәлімдеді. Тек, жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 жұмыс орны ашылады.