Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры А. Богомолов Ломоносов атындағы медальмен марапатталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар мемлекеттік университетінің металлургия кафедрасының профессоры (доцент) Алексей Богомолов металдардың деформациялық-термикалық үдерісін дамыту және өңдеу саласына зор үлес қосқаны үшін М.В.Ломоносов атындағы диплом және медальмен марапатталды.