Петропавлда жауын салдарынан 37 жеке үйді су басты (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда өткен демалыс күндері қатты жауын салдарынан 37 жеке үйді су басты. Негізінен, Жұмысшылар кенті, Бензострой, Подгора мен Копай аудандарының тұрғындары жапа шекті. Бұл туралы СҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.