Түркістан облысында шектеу шараларының мерзімі ұзартылады
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.