Қазақстанда 16 мың шақырым автожолға мониторинг жасалады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің Жол активтері сапасының ұлттық орталығы республикалық маңызға ие автомобиль жолдарын құралдық мониторингіден өткізу, жолдардың нақты жағдайына баға беру шараларына кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.