Елордада арбат, жағажай және саябақтар дезинфекцияланады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда дезинфекция шаралары жалғасуда. Биыл 11 мамырдан бастап қала тұрғындарына қатаң санитарлық ережелерді сақтай отырып, саябақтарға, алаңдарға баруға рұқсат етілген. Демек, жоғарыда аталған орындар аумағында күшейтілген дезинфекция жүргізіледі.