Шымкентте жеңгетайлықпен айналысқан әйел мен жеңіл жүрісті қыздар ұсталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жүргізілген рейд барысында жеңгетайлықпен айналысып жүрген әйел мен жезөкшелер ұсталды. Жеңіл жүрістілер моншалар мен массаж салонында және жалдамалы пәтерлерде қызмет көрсетіп жүргені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.