Мамандар 8 мыңнан астам адамға әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеңес берді
![Мамандар 8 мыңнан астам адамға әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеңес берді](http://www.inform.kz/fotoarticles/20150103221027.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 наурыз бен 20 шілде аралығында еліміздің шалғай елді мекендерінде тұратын 8605 азамат арнайы жұмылдыру топтарының құрамында ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының, «Қазпошта» АҚ және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеңес алды, деп жазады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми сайтында.