13 маусымда ел аумағының басым бөлігінде жел тұрып, аптап ыстық болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде ауа ағындарының өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Тек республиканың оңтүстігінде, батысында күн ашық. Кей жерлерде жел күшейіп, солтүстікте дауыл тұруы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.