Алматыда Қазақстан-Иран бизнес форумы басталды
![Алматыда Қазақстан-Иран бизнес форумы басталды](http://www.inform.kz/fotoarticles/20140909165557.jpg)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Инновациялық технологиялар паркі» еркін экономикалық аймағында Қазақстан-Иран бизнес форумы басталды. Оған ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Иран Ислам Республикасының Ғылым, зерттеулер және технологиялар министрлігінің өкілдері, қазақстандық және ирандық еркін экономикалық аймақтардың басшылары және осы аймақтарда қызмет атқаратын компаниялар қатысуда.