Қарағанды облысында күн сайын коронавирус белгісі бар 50 адам ауруханаға жатқызылады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев коронавирус инфекциясының алғашқы белгілері кезінде дереу көмекке жүгінуге шақырды. Ол өз бетінше емделу ауыр асқынуға әкелуі мүмкін екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.