Қазақстандықтар қандай жағдайда коронавирусқа тегін тест тапсыра алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1406 байланыс орталығына КВИ-ға тест тапсыру мәселесі бойынша хабарласушылар саны 2 есе артты. Қоңыраулардың көбі коронавирус бойынша ауруханаға жатқызу мәселесіне қатысты. Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Нұр-Сұлтан қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.