Коронавирус бойынша әлемдегі ахуал қандай
БАЛТИМОР. ҚазАқпарат – COVID-19 жұқтырған халқының саны миллионнан асқан АҚШ-тан кейінгі екінші мемлекет – Бразилия болып отыр. Ал Австралия ахуалдың өршуіне байланысты шектеу шараларын қайтадан күшейтпек. Британияда екі апталық карантин енгізбеу үшін әуежай арқылы елге кірген азаматтарды ақылы тестілеуден өткізуде. Әлем халқының коронавируспен күресі жайлы ҚазАқпарат тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.