Владимир Путин президенттік сайлауға түсуі мүмкін екенін айтты
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин ел Конституциясына тиісті өзгертулер енгізілген жағдайда президентікке жаңа мерзімге өз кандидатурасын ұсынатынын жоққа шығармады. Ол бұл туралы «Россия-1» телеарнасында көрсетілген «Ресей. Кремль. Путин» фильмі үшін берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.