Жапақ батырдың Сары қазақ атануы (VІІ нұсқа)
Абылайдың Қалдан Серенге тұтқынға түсуі. Жоңғарлардың қырғыздарға жасаған бір шабуылында Абылай жекпе-жекте Қалданның ұлы Шаршыны өлтіреді.
Сүйікті ұлының қазасын естіген Қалдан кім болса да, қайда болса да, ұстап алдына әкелуді бұйырады. Қалмақтар аң аулап жүрген Абылайды тұтқиылда қолға түсіріп, қасындағы бірнеше би және атығай руының әйгілі батыры Құдайберді Жәпекпен Қалданға алып келеді.
— Менің ұлымды қай жерде өлтірдің? — деген сұраққа, Абылай былай жауап береді:
— Сен мені айыптап отырсың. Бірақ оны өлтірген халық, мен тек сол халықтың қалауын орындап, Шаршының басын алдым.
Қалданның бұл жауапқа разы болғаны соншалықты — «мюн, мюн» деп бірнеше рет қайталайды да, жендетін тоқтатып, Абылайды...