Темекіні тастағаннан кейін…
Темекінің денсаулыққа зиян екендігін барлығы біледі, бірақ оны тастаған кездегі жақсы нәтижеге көбісі сене бермейді. Ол – темекі тастаудың қиынға түсуінің бір себебі. Егер темекіні қазір тастасаңыз, сізге не болатынын оқыңыз. – 20 минуттан соң артериялық қысымыңыз қалыпқа келеді. – 8 сағаттан соң тұншықтырғыш газ деңгейі екі есеге азаяды, ал оттек деңгейі қалыпқа келеді. – 48 сағаттан […]
Сообщение Темекіні тастағаннан кейін… появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.
Темекінің денсаулыққа зиян екендігін барлығы біледі, бірақ оны тастаған кездегі жақсы нәтижеге көбісі сене бермейді. Ол – темекі тастаудың қиынға түсуінің бір себебі. Егер темекіні қазір тастасаңыз, сізге не болатынын оқыңыз.
– 20 минуттан соң артериялық қысымыңыз қалыпқа келеді.
– 8 сағаттан соң тұншықтырғыш газ деңгейі екі есеге азаяды, ал оттек деңгейі қалыпқа келеді.
– 48 сағаттан соң жүрек ұстамасы қаупі төмендейді. Ағзадан никотин толықтай шығады, иіс пен дәм қабылдауыңыз қалпына келеді.
– 72 сағаттан соң бронх кеңейеді, дем алу көлемі үлкейеді.
– 2 аптадан соң және одан кейінгі 10 апта бойы қан айналым жақсарады.
– 3-9 айдан соң таңғы жөтел жоғалады, өкпенің өмірлік сиымдылығы 10%-ға артылады.
– Бір жылдан соң жүрек ұстамасының болу қаупі екі есеге азаяды.
– 5 жылдан соң инсульт алу қаупі темекі тартпайтын адамның жағдайына жақындайды.
– 10 жылдан соң өкпе рагының даму қаупі темекі тартпайтын адамның жағдайына жақындайды.
– 15 жылдан соң жүрек ұстамасы қаупі темекі тартпайтын адамның қаупіне оралады.
Сообщение Темекіні тастағаннан кейін… появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.