Қызылордада 5 институционалдық реформаның маңызы мен міндеті талқыланды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Қызылорда облыстық Ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында «ҚХА-20 жыл: біртектілік пен бірліктің жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді, деп хабарлады облыстық ассамблея хатшылығының баспасөз қызметінен.