Оңтүстік өңір азаматтардың прокуратура органдарына жүгінуінен республика бойынша екінші орында
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жан-жақты, сапалы, уақтылы қарау прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыты болып табылады. Бұл туралы ведомствоның 2015 жылғы 1-ші жартыжылдық жұмысының қорытындылары бойынша өткен Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы алқасының отырысында айтылды.