Анджей Дуда Польша президенті болып қайта сайланды - exit poll
ВАРШАВА. ҚазАқпарат – Польшаның іс басындағы басшысы Анджей Дуда президент сайлауының екінші кезеңінде 50,4 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. Оның қарсыласы – Варшава мэрі Рафал Тшасковский электораттың 49,6 пайыз дауысына ие болды. Бұл - exit poll нәтижесі, деп хабарлайды ҚазАқпарат PAP агенттігіне сілтеме жасап.