Қытайда әлемдегі ең үлкен телескоп құрастырылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай әлемдегі ең ірі радиотелескопқа монтаж жасауды бастады. Оның көмегімен ҚХР алыс ғарышты зерттемек, сондай-ақ Галактика шегіндегі тіршілік іздерін іздейді. Обсерваторияның үлкендігі 30 футбол алаңын құрайды, деп хабарлады The Economic Times басылымы.