Нұр-Сұлтанда коронавирус науқастарын емдейтін тағы бір стационар жабылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Рамада Плаза» ғимаратында орналасқан жұқпалы аурулар стационары жабылуда. Бүгін бұл жерден коронавирус инфекциясы және пневмониямен ауырған соңғы 20 науқас шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.