Ақтауда демалыс орындарының бірінде мейрамхана өртенді
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда демалыс орындарының бірінің мейрамханасы өртенді. Өрттен демалып жатқандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметінің бастығы Назарәлі Селімов.