Келесау
Аурухананың жүйке ауруы бөлімшесінде төсекке таңылған бір қыз жатыр. Палата іші тар. Қара көлеңке, терезе сыртындағы өмір де сүреңсіздеу. Мезгіл қағтардың соңына ауысқанмен, Алматының ауа-райын адам түсініп болмайды: екі күн бойы қар орнына жаңбыр жауған. Күн бұлыңғыр. Жер көк тайғақ.
Аурухананың жүйке ауруы бөлімшесінде төсекке таңылған бір қыз жатыр. Палата іші тар. Қара көлеңке, терезе сыртындағы өмір де сүреңсіздеу. Мезгіл қаңтардың соңына ауысқанмен, Алматының ауа-райын адам түсініп болмайды: екі күн бойы қар орнына жаңбыр жауған. Күн бұлыңғыр. Жер көк тайғақ.
Әсемді бұл бөлімшеге кеше түнде алып келген.
***
Жатахана. Гүлназ ащы айқайдан шошып оянды. Сипалап жүріп электр тетігін әрең тапқан. Қасында төрт жыл бірге оқып, бірге тұрған құрбысы өзі-өзімен арпалысып, сандырақтап жатыр. Тұла бойы бұлауға түскендей қара тер. Гүлназдың аузына:
«Біссіміллә, біссімілләдан» — басқа сөз түспеді. Мұндай жағдайды бірінші рет көруі. Қатты шошыған.
— Жаным, Әсем, не болды, тұршы!...