Атырауда мектептерді оқулықтармен қамтуға 1 млрд 257 млн теңге бөлінді
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында мектептерді жаңа оқулықтармен қамту үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд 257 млн теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.