Қайырымды жандар Шардара ауданындағы 12 отбасыға баспана сыйлады
ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Шардара ауданында 12 отбасы баспаналы болды. Жергілікті кәсіпкерлер мен демеушілердің арқасында тұрғын үйге қол жеткізген жанұяларға аудан әкімдігі жан-жақты қолдау көрсетіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.