Ақмола облысында 311 мектеп оқу жылын штаттық режимде бастайды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының шалғай ауылдарындағы 18 мың оқушысы бар 311 мектеп оқу жылын санитарлық талаптарды сақтай отырып штаттық режимде бастайды. Бұл туралы әкімдік отырысында облыстық білім беру басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.