27 тамыз күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 27 тамыз күні Қазақстан аумағының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және солтүстік-шығысында құбылмалы ауа райы сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбырмен бірге найзағай күтіледі. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Республиканың батысында және солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Жекелеген өңірлерде тұман, желдің күшеюі, дауыл, бұршақ болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.