Төркінсіз келін
Ежелден қазақ төрт түлік малдың жағдайымен көшіп-қонып, қыстау мен жайлаудың арасында түтін түтетіп өмір сүрді емес пе?
О шеті мен бұ шетіне алты ай жүріп жететін кең даланы бізге көздің қарашығындай сақтап жеткізген де, мұра етіп қалдырған да әулие, абыз, данышпан бабаларымыз.
Сол кең даланың ана шеті мен мына шетіне көшіп-қонып жүріп келін алып, қыз ұзатып, құда-жекжат арттырып, «Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық», «Қыз — өрісің, ұл — жемісің» — деп даналық сөзді өмірдің өзекті шындығынан өрбіткен бабаларымыз не деген данышпан еді.
Кезінде Оңтүстік халқының жетімін желеп, жесірін жебеп, кедей-кембағалының байлауға жетсе, күрмеуге жетпей жүрген жібін ұзартуға үлес қосқан...