Ақтауда бір әйел такси көлігінен құлап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда бір әйел таксиден құлап кетіп, жарақат алды. Такси жүргізушісі әйел отырып үлгермей көлікті жүргізіп кеткен. Бұл туралы құқыққорғау органдарына сілтеме жасап, Лада.кз хабарлады. Оқиға Ақтаудың №14 шағынауданында орын алған.