Қара мысықтың қожайыны
Қара мысық иесі сипаған сайын, сүйсіне көзін сығырайтады. Пыр-пыр… Теледидарға көзін ғана қадап қойып, диванда отырған қожайынының алдында бүрсиген қалпы. Пыр-пыр… Үй егесінің тамырлары адырайып кеткен аппақ күрек қолдары басынан жанап өткенде, сәл еңкейіп, арқасына қарай ойысқанда еңсесін көтеріп, келесі сипалауды күтеді. Жетінші қабаттағы пәтерде екеуі жетімсіреп… Құлаққа қарай жанталасатын дыбыс жоқ: теледидар болар-болмас міңгірлейді, жоғарғы жағы сәл ашық пластик терезеден қаланың дауысы сығылысып кіріп, талып естіледі. Үй жануарының еркелегені ғана анық. Пыр-пыр… Екі ғашықтың аймаласып жатқандағы діріл үніне ұқсас.
Қара мысықтың ермек үшін «ойнай» тұратын тышқандары жоқ. Жұмыссыз. Өмірдің бейқам бір толқынындағы жануардың жүрісі де, тұрысы да, баяу. Маңғаздана...