Қып-қызыл перде
Беліне дейін төгілген қою қара шашын жайып жіберіп, теңіз жағасында тұр екен дейді. Өрекпіп кеп құрлыққа соғатын толқынды тудырған жел әйелдің шашын желбіретеді. Желмен ойнаған толқын бір көтеріліп, бір басылып, жағаға жетіп құтылған желге қолын қармап қалатындай. Судың сылқ-сылқ күлгені. Екеуінің ойынына төбеде күн жымиып тұрған секілденеді.
Тобығына жығылып, жылыстап бара жатқан суды әйел сезбейтін тәрізді. Аяғы да дымқылданбаған. Бұл теңіздің адамға неліктен жұқпайтынын ол түсіне алмай, аң-таң. Көк толқын қайта айналып, жағадағы құмды бір шайып кетеді. Қараса, тура тобығынан келетін су кері шегініп жатыр, бірақ аяғы құрғақ. Сынаптай сырғанап, лыпып барады. Кенет желке тұсынан құстар ұша жөнелді, арт жағында...