Менің шешелерім
— Бүгін ауылға жүреміз, — деді шешем таңғы шай үстінде. — Түнде түсімде әжеңді көрдім. Ақ боз атқа мініп алып, биік таудың үстінде жүр екен, жарықтық. Құран дәметіп жүр-ау. Мерекеге орай үш-төрт күн демалмаушы ма ең? Түске қарай жолға шығайық.
— Машинам бұзылып тұр ғой, кейінірек барсақ қалай?
— Сенің мәшінең не сынып бітпеді, не жасалып бітпеді. Кейін-кейін дейтін әңгімең де таусылмайды. Шамам барда барайын. Кейін төсек тартып қалсам, өз жаныммен әуре болармын. Сендердің арттарыңнан еріп, қалаға келдік. Ауылдағылар ол кемпірдің басына барып құран оқиды деймісің?
— Жаяу-жалпы жолға шыққанымыз сізге ауыр соқпай ма деп отырмын. Мен ғой жүре берем....