ЖЕТІ ҚҰПИЯНЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАУҒА ТЫРЫСЫҢЫЗ
Білгенге - маржан
ЖЕТІ ҚҰПИЯНЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАУҒА ТЫРЫСЫҢЫЗ
Құпия деген не? Елге нені айтуға болады, айтылмайтын қандай құпия болуы тиіс? Тізімге көз жүгірткен адам біразымен еріксіз келісері сөзсіз.
Айтылмауға тиісті бірінші құпия – келешекке құрған жоспар.
Жоспар толыққанды орындалмайынша ол туралы тіс жармау керек. Адамның кез-келген ойы бастапқыда әлжуаз болып тұрады. Өне бойы шұрық-тесік келеді. Кез-келген жерінен кілтипан тауып, ізгі ойды ойсыратып алуға болады.
Екінші құпия – қайырымды істер туралы ешкімге айтпау.
Қайырымды іс – жер бетінде сирек кездесетін құбылыс, сондықтан оны көздің қарашығындай сақтау керек. Өзіңізді жақсылық жасағаныңыз үшін асыра мақтамаңыз. Мақтау адамды тәкәппарлыққа тез ұрындырады.
Үшінші құпия – тақуалығыңыз туралы көпшілікте...