ЕГЕР ҚАЛАҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ
Білгенге - маржан
ЕГЕР ҚАЛАҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ
Азға – қанағат;
Барға – тәубе;
Жоққа – сабыр;
Тойсаң – тоба;
Ауырға – төзім;
Жақсылыққа – алғыс;
Жамандыққа – қарғыс;
Болашаққа – сенім;
Жетістікке – үміт;
Өткенге – салауат;
Қалғанға – береке;
Басқа – амандық;
Денге – саулық тілеңіз.
ЕГЕР САҚТАНҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ
Достың күлкісінен сақтан;
Дұшпанның табасынан сақтан,
Жаманың жаласынан сақтан;
Пәлеқордың пәлесінен сақтан;
Астың аласынан сақтан;
Ұшынған өрттен сақтан;
Дауасыз дерттен сақтан;
Тасыған судан сақтан,
Екі жүзді қудан сақтан,
Шайтанның азғыруынан сақтан,
Арақтың аздыруынан сақтан;
Аса байлықтан сақтан;
Сайқал қатыннан сақтан;
Есуас әкімнен сақтан;
Ата-анаға – кінәлі болудан сақтан;
Дін алдында күнәлі болудан сақтан....