Нәрестенің кегі
Ол таулы аймақта туса да, тағдыр тәлкегі оны әлдебір себеппен алыс құмды Арал теңізінің жағалауындағы шалғай ауылға жетелеп кетті. Оның шын аты — Жайлыбала еді. Жұртпен Жамал деп танысып, жалғыз қызы Гүлнәрін жетелеп, ауылнай бөлген қойшының көмекшісі болып кәсібіне кірісті. Оның бар жұмысы сиырларды сауып, қойларды дәрілеу. Кейде сақман кезінде жұмыс көбейіп кететін еді. Оның бар мақсаты қызын өсіру, оқыту еді. Фермаға келген кездейсоқ адамдардың қойған сұрағына жауабын келте қайыратын. Жұмбақ әйелдің жүріс -тұрысынан жұрт түрлі өсек шығарып, сан-саққа жоритын еді. Қызы мектеп қабырғасына іліккенше бес жылдай осы қыстақтың сеніміне еніп, бар шаруаны үйіріп әкетті. Кешікпей қызы ауыл орталығындағы интернатқа...